Kazakh to Chinese: 哈萨克斯坦政府将投入1千亿坚戈用于发展食品制造业 General field: Bus/Financial Detailed field: Government / Politics | |
Source text - Kazakh АСТАНА. ҚазАқпарат - Экономикаға қаржылай қолдау көрсету үшін Ұлттық қордан бөлінетін 1 трлн. теңгенің алғашқы 100 млрд. теңгесі азық-түлік өнеркәсібін дамытуға бағытталады.
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Ұлттық қордан бөлініп, «Бәйтерек» қоры арқылы өткен алғашқы 100 млрд. теңге қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер арқылы нақты іске асырылуда. Бұл кезеңде біз азық-түлік өңдеу өнеркәсібін дамытуға баса назар аудардық» , - деді Үкімет басшысы.
Оның алға тартқан деректеріне қарағанда, жыл сайын Қазақстан шамамен 3 млрд. доллардың азық-түлік өнімдерін сырттан тасымалдап отыр.
«Яғни, біз ішкі нарықтың өзінен қарапайым болғанымен біздер үшін экономиканың маңызды секторы болатын саланы байқап отырмыз. Біз оны дамыта алар едік», - деді К.Мәсімов.
Премьер-Министр өз сөзінде республика экономикасына экономикалық қолдау көрсету үшін Мемлекет басшысы теңдессіз шара қабылдап, Ұлттық қордан 1 трлн. теңге бөлуге тапсырма бергенін атап өтті.
«Бұл қаржы бірінші кезекте өңдеу өнеркәсібін қолдауға, оны дамытуға және осы салаға шетел инвестициясын тартуға бағытталатын болады», - деді К.Мәсімов. | Translation - Chinese 哈通社阿斯塔纳6月20日电,哈萨克斯坦总理卡里姆•马西莫夫在今日召开的议会全体会议上称,哈萨克斯坦政府将动用国家基金的1万亿坚戈用于扶持经济发展。其中1千亿坚戈将用于发展食品制造业,该资金将由巴伊杰列克国家控股公司操作,并通过商业银行进行管理实施。
据了解,哈萨克斯坦每年要从国外进口30亿美元的食品。"也就是说,我们具有可观的、重要的内部市场。我们要重视该领域的发展。"马西莫夫说。
马西莫夫指出,从国家基金拨款1万亿坚戈用于扶持经济发展是纳扎尔巴耶夫总统的又一英明决策。 |